Облыс әкімі «Қуаныш» волейболшыларын марапаттады

Облыс әкімі «Қуаныш» волейболшыларын марапаттады

Облыстық әкімдікте өз тарихында алғаш рет Ұлттық лига біріншілігінің күміс жүлдесін жеңіп алған «Қуаныш» волейбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров бұл спортшылар мен бапкерлердің көп жылғы еңбектерінің жемісі екенін атап өтті.

«Бұл жетістік — облыста спорттың дамып жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе волейбол жақсы деңгейге көтерілді. Волейбол үйірмелеріне жүздеген балалар қатысып, кәсіби түрде дайындалуда. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Тиісті қаржы бөлініп жатыр», — деді облыс әкімі.

Жиында спортшыларға төс белгілер мен алғыс хаттар табыс етілді.