Аппараттық кеңес барысында 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алу мәселесі қарастырылды. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров мемлекеттік органдарға бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сумен жабдықтау, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар мен емдеу мекемелерінің құрылысы бойынша байқаулар мүмкіндігінше ертерек өткізілуі керек.
«Жеңімпаз анықталғаннан кейін бес күн ішінде келісімшартқа қол қою керек. Егер кестеден қалып қойған жауапсыз мердігерлер болса, келісім-шартты бұзу шаралары қабылдануы тиіс», — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.