Облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

Облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы

2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқауға өңіріміздегі 8 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым өтініш берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, олардың 7-і аккредиттелді. «Дауыс» Қоғамдық бірлестігі ҚР Орталық сайлау комиссиясында аккредителгендіктен, жергілікті филиалы соларға берілген сертификат негізінде байқаушылар қатарына қосылады. Ал, «Туған жер» қоғамдық бірлестігі, «Неправительственная организация «The Last Hope» қоғамдық бірлестігі, «Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс Ассоциациясы» ЗТБ, «Рух Тіл Жаңғыру» қоғамдық бірлестігі, «Школа молодого лидера «NK Star» қоғамдық бірлестігі, «GOLDEN HEARTS» қоғамдық бірлестігі, «Kaz Tolerance» қоғамдық бірлестігін СҚО аумақтық сайлау комиссиясы аккредиттеді. Олардың өкілдері 2023 жылғы 19 наурыз күні сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру процесін байқау құқығына ие.