Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Айдарбек Сапаров салтанатты жиында аяулы аруларды көктем мерекесімен құттықтады.
«21 ғасырда әйелдер отбасының ошағын сақтап, бала өсіріп қана қоймай, әлеуметтік және кәсіби салада да өздерін танытуда. Жоғары санатты мамандар, кәсіпкерлер, меценаттар – осы рөлдердің барлығын әйелдер де атқаруда», — деп атап өтті өңір басшысы.
Салтанатты жиында нәзік жандылар өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл еңбеккерлері, диспетчерлер, құрылысшылар, мемлекеттік қызметшілер, ветеринарлар, пошташылар құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды. 6 бала тәрбиелеп өсірген көп балалы аналарға «Күміс алқа» тапсырылды.
«Өз істеріңізге және туған өлкеге деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын», — деді облыс әкімі.