
Ақжар және Уәлиханов аудандарында 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша Аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Р. Т. Абдрахманова мен С. С. Маугузиннің қатысуымен көшпелі семинар-кеңес өтті. Жиынға жергілікті атқарушы билік органдары, аудандық прокуратура мен аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері байқаушылар қатысты.
Кеңес барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау заңнамасының жаңалықтары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша және №24 бірмандаттық округ бойынша тіркеу қорытындылары, кандидаттарды партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша облыстық мәслихатқа тіркеу туралы айтып берді.
Ақжар ауданында 38 сайлау комиссиясы бар, оның ішінде 1 аудандық аумақтық (7 мүше), 11 округтік (55 мүше), 26 учаскелік (130 мүше) жұмыс істейді.
Уәлиханов ауданында 38 сайлау комиссиясы жұмыс істеуде, оның ішінде 1 аудандық аумақтық (7 мүше), 10 округтік (50), 27 учаскелік (135 мүше) жұмыс істейді.
Сондай-ақ, семинар-кеңес аясында жергілікті атқару органдарының өкілдері сайлау учаскелерінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін ерекше жағдайлар жасалатын болады, дауыс беруді өткізу кезеңінде тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, бұрыштар ұйымдастырылатын және кабиналар жабдықталатын болады.
Семинардың екінші бөлімінде учаскелік сайлау комиссиялары үшін іскерлік ойын түрінде тренингтер өткізілді. Дауыс беру күні берілетін 5 бюллетень туралы кеңінен айтылды. Ойын барысында дауыс беру күнінің жұмысы көрсетілді (учаске ашу, бюллетеньдер беру, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс беру, дауыс беру нәтижелерін есептеу, хаттамаларды ресімдеу).
Семинар соңында учаскелік комиссия мүшелерінің барлық сұрақтарына жауап берілді.