
Петропавл қаласында СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен облыстық ішкі саясат басқармасы және өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған семинар- кеңес өтті. Жиын барысында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу барысындағы ерекшеліктер түсіндірілді.
СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Абдрахманова Райхан Тілекқызы жиналғандарға сайлау комиссиясының құрылымы мен қызметін түсіндіріп, негізгі талаптарды атап өтті.Аралас сайлау жүйесін енгізу, қарржылық ашықтық, байқаушылардың қызметі, сайлауды өткізу кезеңдері туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы да баяндады.
Аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Сағындық Маугузин Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету яғни сайлау алдындағы үгіт, оның әдістері мен белгілері, шарттары мен қаржыландыружәне материалды жариялау шарттары мен сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі туралы баяндады.