«Облыс орталығындағы қарақұмық, макарон, сүт және ет өнімдерін шығаратын қайта өңдеу кәсіпорындарын араладым. Кәсіпорын басшыларымен әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға белгілеу мәселелері талқыланды. Бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорын делдалдардың көмегіне жүгінбей, көтерме бағадағы өніммен толтырамыз. Қордағы күріш пен қарақұмықты орау мәселесі де қарастырылуда», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, қазір өңдеу кәсіпорындарында жұмысшылар жетіспейді. Кадр мәселесі бірлесіп шешіледі деді өңір басшысы.