Петропавлда аумақтық сайлау комиссияларының басшыларына арналған семинар-кеңес өтті

Петропавлда аумақтық сайлау комиссияларының басшыларына арналған семинар-кеңес өтті

Бүгін Петропавл қаласында СҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.

Бұл шараға өңірдегі аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты. Жиында алдағы саяси науқанда барлық жұмыс сайлау туралы заңнама талаптарына сай өрбуі қажет екендігін ескертілді. Кеңес барысында сайлау учаскелерінің жарақтандырылуы, комиссия құрамы мен босатылған комиссия мүшелерінің міндеттерін бөлісу, сондай-ақ кандидаттарды тіркеу жайы мен өзекті мәселелер де сөз болды.

Жиын соңында Мамлют аудантық АСК дауыстарды санау мен сайлау қорытындысын шығару алгоритмі жобасын көрсетті.