Бүгін пара шаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовке құрмет көрсетілді. Айта кету керек, бұл Қазақстан тарихындағы пара шаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Қазақстан құрамасының сапында жеті спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.
«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион болып өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққандары үшін алғыс айттым», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Марапаттау рәсімінде өңір басшысы Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілтін табыс етті. Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар алды.