«Жоғары санатты дәрігер, белгілі хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Қабдырахман Сақтағанов дүниеден өтті. Қабдырахман Еркенұлының туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қабдырахман Еркенұлы бүкіл саналы ғұмырын медицина саласына арнады. Әр жылдары Петропавл қаласының бірінші қалалық ауруханасында хирург-дәрігер, хирургия бөлімшесінде ординатор-дәрігер, облыстық ауруханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Үшінші қалалық аурухананы, облыстық денсаулық сақтау басқармасын және облыстық онкологиялық диспансерді басқарды.
Білікті маман ретінде Қабдырахман Сақтағанов қарапайым дәрігерден басшыға дейінгі ұзақ жолдан өтті. Ол өзінің терең білімі мен бай еңбек тәжірибесінің арқасында облыстағы денсаулық сақтау саласының дамуына, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын өсіруге зор үлес қосып, хирург ретінде жүздеген адамның өмірін сақтап қалды.