Саяси партия өкілдеріне арналған семинар-кеңес

Саяси партия өкілдеріне арналған семинар-кеңес

30 қаңтар күні облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысындағы саяси партиялардың басшыларына арналған «2023 жылдың 19 наурызына белгіленген кезектен тыс сайлауда саяси партиялардың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына кандидаттарды ұсыну тәртібі» туралы семинар-кеңес өтті. 

Семинарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттарды ұсыну құқығы, партиялық тізімге енгізу талаптары, сайлау комиссиясына берілетін қажетті құжаттар тізімі туралы айтылды. 

Сондай-ақ сайлау жарнасын енгізу мен сайлау қорлары туралы да сөз болды.  

Кеңес соңында саяси  партиялардың өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.