Ведомствоаралық комиссияның отырысы

Ведомствоаралық комиссияның отырысы

СҚО әкімі Айдарбек Сапаровтың басшылығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырыста 2022 жылғы қылмыстың жай-күйі, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жұмыс қорытындылары, 2022 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының қорытындылары туралы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері туралы сұрақтар қаралды.

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров ведомствоаралық комиссияның отырыстарын тоқсан сайын өткізу керектігін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы аудан әкімдеріне барлық байқауларды бірінші тоқсанда өткізуді тапсырды. Бұл мәселені бақылауда ұстау облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевке тапсырылды.