СҚО әкімі белгілі өлкетанушы Сергей Пресняковтың отбасына көңіл айтты

СҚО әкімі белгілі өлкетанушы Сергей Пресняковтың отбасына көңіл айтты

«Облыстың құрметті азаматы, соғыс ардагері, облысымызға белгілі өлкетанушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сергей Пресняков өмірден өтті. Сергей Михайлович Пресняковтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын», — деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сергей Михайлович өткен жылы жүз жылдығын атап өтті. Еліміздің дамуына үлкен үлес қосты. Сергей Пресняков талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. 19 жасында майданға аттанды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда, батыс және солтүстік-батыс майдандарда ерлікпен шайқасты, 38-ші атқыштар бригадасының құрамында болды.

Ерлігі мен адал еңбегі үшін екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, төрт «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін партия органдарында жұмыс істеді, ардагерлер ұйымын басқарды.

Сергей Михайлович өмірінің көп бөлігін өлкеміздің тарихын зерттеуге арнады. Ол Солтүстік Қазақстан өлкетануының негізін қалады. Еліміздің тарихы туралы көптеген авторлық кітаптар жазды. Бұл болашақ ұрпаққа қалдырған алтын мұра.

«С. М. Пресняковтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», — деді аймақ басшысы.