
СҚО Аумақтық сайлау комиссиясында ҚР Парламенті Мәжілісіне және облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға депутаттарды сайлау бойынша аудандық және қалалық, облыстық округтік сайлау комиссиясы басшылары қатысқан жиын өтті. Кездесуде сайлауға дайындық және өткізу кезеңінде сайлау кампаниясының жұмысын ұйымдастыру, электоралды оқыту және материалды-техникалық базамен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.