
«Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен кездестім. Аудандар мен облыс орталығындағы кездесулерде тұрғындар көтерген өңіріміздің түйткілді мәселелерін жеткіздім», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кездесуде тұрғын үй құрылысы, ықшамаудандар мен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағына инженерлік желілерді жеткізу, инфрақұрылым, жолдарды және су құбырларын жөндеуге қажет қосымша қаржыландыру мәселелері талқыланды.
Бұл күні облыс әкімі ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен де кездесті. Жүздесу барысында білім сапасын жақсарту және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру әңгіме арқауына айналды, оның аясында облыста 4 жаңа мектеп салынады.