
«Облыстағы кәсіпорындарға бару жалғасуда. Киров атындағы зауыт, «Мұнаймаш» зауыты және «Трибо» серіктестігіне бардым. Кәсіпорындарда проблемалар мен өнімділікті жақсарту бойынша ұсыныстар тыңдалды. Облыс үшін жергілікті кәсіпорындарды қолдау маңызды, себебі бұл салық түсімдерінің өсуіне және өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ, барлық кәсіпорындардың басты мәселесі кадр тапшылығы екенін атап өткім келеді. Адамдарды оқыту керек. Ол үшін қысқа курстар жеткілікті. Сонымен қатар, зауыттардың көпшілігі өз қызметкерлеріне лайықты жалақы төлеуге дайын», — написал аким области Айдарбек Сапаров на своей странице в соцсетях.