
«Бүгін облыс орталығында салынып жатқан көпқабатты үйлер мен емханалардың құрылысын бақыладым. Көпқабатты үйлерді салу кестесін ұстану және инженерлік желілерді жеткізу мәселелері ерекше бақылауда. Келесі жылы «Жас өркен» және «Береке» шағын аудандарында екі емхана ашамыз. Осылайша ықшамаудан тұрғындары алысқа бармай медициналық көмекке жүгіне алады. Медициналық нысандардың құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырдым», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.