
«8 күнде облысымыздың бүкіл аудандарын аралап шықтым. Бүгін сапарларымды Айыртау және Ғ. Мүсірепов аудандарының тұрғындарымен кездесулермен тәмамдадым.
Аудандарда өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысын қадағаладым. 13 ауданның тұрғындарымен кездесулер өткізіп, азаматтарды жеке қабылдадым. Ауыл тұрғындары білім беру, денсаулық сақтау, жол, ауыз су, ауыл инфрақұрылымын жаңарту бойынша өзекті мәселелерді көтерді. Кездесулерде тұрғындардан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Олардың барлығын бақылауға алынды. 2023 жылғы құрылыс пен жөндеу жоспарына енгізіп, бюджет қаражатын бөлеміз», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.