
«Аудандарды аралау жалғасуда. Кезекте — Тимирязев пен Шал ақын ауданы. Бұл аудандарда тұрғындармен жақсы диалог өтті. Бізге қос ауданды одан әрі дамытып, экономикадағы әлеуетін толық ашу қажет.
Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері ұқсас, ол – жолдың жағдайы, ауыз судың қолжетімділігі, дәрігерлердің тапшылығы. Бізде бұл мәселелерді шешу бойынша нақты жоспар бар, 2023 жылғы жобалар қаржымен қамтамасыз етілген. Оны уақытында жүзеге асыру – аудан әкімдеріне ортақ міндет», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.