2023 жылы қала жолдарын жөндеуге 10 есе көп қаржы бөлінеді

2023 жылы қала жолдарын жөндеуге 10 есе көп қаржы бөлінеді

«Бүгін Петропавл әкімінің тұрғындармен кездесуіне қатыстым. Облыс орталығы өңірдің экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады, сондықтан мен үшін азаматтарды не толғандыратыны маңызды», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыс орталығында біршама жұмыстар атқарылды. Қала жаңарып, өзгерді. Дегенмен, мәселелер де баршылық. Қалалық жолдардың жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр. 2023 жылы қала жолдарын жөндеуге облыстық бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінеді. Бұл биылғы жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Барлығы 17 көше жөнделеді. Бұл екіжылдық жобалар.

Келер жылы атқарылатын жұмыстар көп. Қалада басталған бюджеттік жобалар келесі жылы да қолдау тапты. Сондай-ақ, абаттандыруға, қаланың шеткі аудандарын жарықтандыруға, үйлерді сүруге қаржы бағытталады. Жеке құрылыс компанияларын көбірек тартып, коммерциялық тұрғын үй салу керек.