Облыс әкімі Айдарбек Сапаров жұмыс бабымен Тайынша және Аққайың аудандарында болды.
Тайынша ауданының орталық ауруханасына жаңа компьютерлік томограф орнатылды. Бұл облысымыздағы тоғызыншы КТ. Бұл аппарат Уәлиханов және Ақжар аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетпек. Келесі жылы ауданаралық ауруханаға МРТ және цифрлық ангиограф сатып аламыз. Айта кету керек, бұл аудандарда орнатылған алғашқы МРТ болмақ. Жаңа қондырғылардың арқасында күрделі операциялар жасалынады. Үш ауданның тұрғындары сапалы медициналық көмек алады.
«BioOperations» зауыты өндірісін кеңейтуде, сұйытылған көмірқышқыл газын шығаратын цех іске қосылды. Қуаттылығы – жылына 20 мың тонна. 40 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазір кәсіпорында 600 адам жұмыс істейді. Көмірқышқыл газы тамақ өнеркәсібінде, металл өңдеуде, қорғаныс құралдары мен өрт сөндіруде, сондай-ақ химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
«Сонымен қатар, бұл күні Тайынша және Аққайың аудандарының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Аудандарды дамытудың жоспары талқыланып, тұрғындардың барлық сауалдары ескерілді. 2023 жылы көптеген инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Аудан әкімдері құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын қатаң қадағалап, барлық қаржыны мақсатты жұмсау керек», - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.