СҚО әкімі Мамлют және Жамбыл аудандарының басшыларына тапсырма берді

СҚО әкімі Мамлют және Жамбыл аудандарының басшыларына тапсырма берді

«Мамлют және Жамбыл аудандарында ауылдарды дамыту бойынша жиын өткіздім, тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Ауыл инфрақұрылымын жаңарту арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға болады», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аудандарда мектептерді, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын, су желілері мен жолдарды жөндеу жалғасады. Жөндеу науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу керектігін атап өңір басшысы.

«Аудан әкімдеріне бюджет қаражатын толық игеру, инвесторлар тарту, жаңа өндірістер ашу, жұмыс орындарын құру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырдым», — деді облыс әкімі.