«Мағжан Жұмабаев ауданында болып, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, аудан тұрғындарымен кездестім. Қазіргі таңда ауданда бірқатар өзекті мәселелерді шешу керек. Бұл жолдарды жөндеу, балабақшаны ашу және су желілерін жөндеу. Осы факторлардың барлығы ауылдың сақталуына тікелей әсер етеді», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.
Келесі жылы аудандық ауруханадағы хирургиялық бөлімше мен медициналық нысандар күрделі жөндеуден өтеді. Ауруханаға қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынады. Мектептер, су желілері мен ауылішілік жолдар жөнделмек. Сондай-ақ Булаевода 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасады.
«Жалпы аудан басшылығы инвесторларды тарту, жұмыс орындарын құру, бюджетті толық игеру және жаңа жобаларды жүзеге асыру бағытында жұмыс атқаруы тиіс», — деді өңір басшысы.