
«Жыл соңына дейін облысымыздағы бүкіл аудандарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткіземін. Бүгін ең алғаш болып шалғайдағы Уәлиханов пен Ақжар аудандарына бардым. Қос ауданда әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысып, ауыл тұрғындарымен жүздестім. Кездесулерде аудандардың даму жоспары талқыланып, өзекті мәселелер көтерілді. Кейін азаматтарды жеке қабылдау өткіздім. Аудан тұрғындарының ұсыныстарын бақылауға алып, келесі жылы атқарылатын жоспарға қосамыз», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.