
Солтүстiк Қазақстанда коронавирусты болдырмау мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде. Мемлекеттiк шекара қатаң бақылауға алынды. Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржы бөлiндi. СҚо әкiмi солтүстiкқазақстандықтарды қоғамдық орындарға бармауға шақырды.
«Өңiр тұрғындарын коронавирус тiркелген мемлекеттерге бармауға шақырамын. Өзiңiздiң отбасыңызды, балаларыңызды ойлаңыздар. Әсiресе оңтүстiк-шығыс мемлекеттерiне бару қауiптi», — дедi Құмар Ақсақалов.