СҚО әкімі СҚУ ұжымын 85 жылдық мерейтоймен құттықтады

СҚО әкімі СҚУ ұжымын 85 жылдық мерейтоймен құттықтады

Облыс әкімі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұжымын 85 жылдық мерейтойымен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді.

Өңір басшысы жоғарғы оқу орнын облыстағы білікті мамандар даярлайтын негізгі оқу орны екенін атап өтті. на айналды.

Жоғарғы оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңарып, оқу процесінде заманауи технологиялар қолданылуда. Жаңа оқу-зертханалық корпус салынып, жатақханалар тұрғызылуда. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып әлемдік деңгейдегі Аризона Университетімен бірлесіп қосдипломды оқу басталды.

Айдарбек Сапаров университет заманауи студенттер кампусына айналып, халықаралық деңгейдегі мәртебесі жоғары болатындығына сенім білдірді. Жиында марапаттау рәсімі де өтті.