
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жоспары туралы баяндадым. Атап айтқанда, инвестжобалардың жүзеге асуы, жылыту маусымының өтуі, инфрақұрылымды дамыту туралы айтылды. Мемлекет басшысы өңір экономикасын дамыту және инвесторларды тарту бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз», — деп жазды СҚО әкімі Айдарбек Сапаров әлеуметтік желідегі парақшасында.