«Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімдерімен жедел кеңес өткіздім. Өңірді одан әрі дамыту бойынша жоспарды талқыладық», — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшада.
Отырыста инвестиция тарту, бюджетті атқару және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жылыту маусымының өтуі, инфрақұрылымды, халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері көтерілді. Халықтың мүддесін тікелей қозғайтын мәселелердің жедел шешілуіне де баса назар аударылды.