СҚО әкімі өңір диқандарын үздік деп атады

СҚО әкімі өңір диқандарын үздік деп атады

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ауыл шаруашылығы жылын қорытындыланды. Агроөнеркәсіп кешенінде ғажайыптардың болмайтыны белгілі: әрбір көрсеткіштің артында шаруалардың тынымсыз еңбегі жатыр.

«Солтүстікқазақстандық диқандар республика бойынша үздік деп айта аламыз. Бұл жай ғана мақтау сөздер емес, өйткені еліміздегі бидайдың 25% бізде өседі. Майлы дақылдардың үштен бірі бізге тиесілі. СҚО — жұмыртқа өндіру бойынша көш басында. Сүт өнімдерінің төрттен бірін жергілікті зауыттар өндіреді. Бұл кездейсоқ емес. Жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біз ел бойынша ауыл шаруашылығына ең көп инвестиция тартамыз. Жыл сайын өнімділігі жоғары техника алынып, тұқым жаңартылуда. Минералды тыңайтқыштарды ең көп енгізетін де біздің диқандар», -деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мал шаруашылығында да жақсы жетістіктер бар. Қазірдің өзінде 22 сүт фермасын іске қосылды, биыл тағы 17-сін салынуда, жыл соңына дейін 8-і ашылады. Екі құс фабрикасы іске қосылды, келесі жылы тағы біреуі жұмысын бастайды.

Осының арқасында 10 айда ауыл шаруашылығы өнімі алғаш рет 1 трлн. теңгеге жетті.

«Бұл – ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің жемісі. Мен ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын. Мереке құтты болсын!», — деді облыс әкімі.