Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында қазақ сазды-драма театрының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен құрметті меймандар қатысты.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, Канн кинофестивалінің басты әйел рөлі сыйлығының иегері Самал Есләмова, генерал-лейтенант Абай Тасболатов болды.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөзін оқып берді.
«Бүгін көптен күткен қазақ театры ашылды. Ерекше сәулетті ғимарат қаламыздың көркіне айналмақ. Қоғамның өсуі үшін экономикамен қоса, мәдениетті де дамыту керек. Елімізде білімді, мәдениетті, еркін ойлы азаматтарды қалыптастыру керек. Жаңа театр мәдени, рухани және тарихи құндылықтарды дәріптейтін ошақ. Өнерге жақын адам биікке ұмтылады. Театр адамды білімді, мәдениетті және тәрбиелі болуға үйретеді. Жаңа театрда халықаралық театр және музыка фестивальдері өткізілмек», — деді облыс әкімі.