
Бұл жайында Instagram желiсiндегi парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.
«Кардиорталыққа заманауи цифрлы ангиограф қойылды. Соңғы үлгiдегi қондырғы инсульт пен инфарктты емдеуде үздiк саналады. Облыстық ауруханаға дәл осындай ангиограф қоямыз», — деп жазды облыс әкiмi.
Аймақ басшысы ай соңына дейiн облыстық ауруханада МРТ аппаратының iске қосылатындығын жеткiздi. Жыл соңына дейiн тағы 2 МРТ алынады. Келесi жылы 2 КТ аппараты қойылады.
«Бұның барлығы солтүстiкқазақстандықтарға басқа өңiрлерге шықпай, сапалы ем алуға мүмкiндiк бермек», — дедi Құмар Ақсақалов.