
2022 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиев азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысына барады.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т. б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар "Атамекен" ӨКП-да келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Петропавл қ., Сутюшева к-сі 60, «Квартал» бизнес орталығы (4 қабат).
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) - сағат 15.00 – 15.40-те
Брифинг — сағат 15.40 – 16.00-те.
Азаматтарды қабылдау сағат 16.00 – 16.40-да өтеді.
Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 776 714 19 95 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 747 735 36 42 (Мусина Юлия), +7 777 134 98 88 (Паршина Екатерина)
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 14 қараша сағат 18.30-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 777 474 22 69 (Динара), +7 778 363 37 80 (Нұрбану).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріна сұрақ қоюға шақырамыз.