Солтүстік Қазақстан облысында Ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара барысында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жерлестерді Республика күнімен құттықтап, бірқатар солтүстікқазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыс етті.