«Александр Бурлев – жердің абыройлы иесі, Есіл ауданындағы Ильинка ауылының тұрғындарының арасында беделді адам. Мұның сыры бір: Александр Владимирович ауылды көркейтуге бар жанын салып, жұмысшылар мен ауыл тұрғындарына барлық жағдайды жасап отыр. Мұндай басшылар жылдан жылға көбейіп келеді. Ильинка барлығына үлгі болуы керек», - деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Шаруашылық қызметкерлері қоныс тойын тойлауда. Еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі шаруашылықта жұмыс істейді. Биыл жақсы өнім жиналды, 24 ц/га. Ауылдың 50 тұрғыны ғана жыл бойы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылық басшысы 130 миллион теңгеге спорт кешенін салды. Балалардың қуанышына футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, тренажерлар, ойын алаңы орнатылды.
«Мемлекет шетте қалмады. 5 жыл ішінде ауылға 170 млн. Республикалық тас жолға қосылатын жолдың 17 шақырымын жөндеп жатырмыз, бұл жолды 9 ауыл пайдаланады. Суды қосу жұмыстары жүріп жатыр, биыл аяқтаймыз. Мектеп күрделі жөндеуден өтті», - деп жазды өңір басшысы.
Сондай-ақ Есіл ауданы Покровка ауылының тұрғындарымен кездесті. 5 жыл ішінде бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ауылдық мәдениет үйі мен мектеп күрделі жөндеуден өтті. Түнгі жарықтандыру орнатылды. Сумен қамту мәселесі шешіліп, ауыл тұрғындарының 75 проценті үйге су қосты. Ауылда жоғары ауылшаруашылық колледжі бар. Жөндеуге және жабдықтарды жаңартуға көп қаржы бөлінді. Ауылда мекенішілік жолдарды, дәрігерлік амбулаторияны жөндеу мәселесі өткір тұр, бұл жұмыстарды келесі жылы жасалады.