Жаңа құс фабрикасында 50 жұмыс орны ашылды

Жаңа құс фабрикасында 50 жұмыс орны ашылды

«Жыл басында біз ауыл шаруашылығында 77 млрд.теңгеге 31 жобаны іске асыруды жоспарладық.Бұл жобаларға жыл бойы қолдау көрсеттік. Жыл соңында осы кәсіпорындар ашылуда, соның бірі  Қызылжар ауданындағы «Жаңа құс» құс фабрикасы. 50 жаңа жұмыс орны құрылды. Құс фабрикасында тек Новокаменка ауылының тұрғындары ғана еңбек етпейді, сонымен қатар көрші ауылдардан да келеді», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Жобаға 1,7 млрд. теңге инвестиция құйылды. Негізгі бөлігін «Солтүстік» кәсіпкерлік корпорациясы қаржыландырды. 3 корпус және сою цехі салынды. Алдағы уақытта тағы 3 корпус салынады. Жаңа құс фабрикасының қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна құс еті. Дайын өнім қала дүкендерінде лайықты бағамен сатылуда.

Қазір облыста жылына 15 мың тонна ет өндіретін тағы 2 құс фабрикасы салынуда, онда 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Облысымыздың құс етіне қажеттілік 8,5 мың тонна екенін ескерсек, сұраныс толығымен жабылады.