СҚО зауыты 150 вагон-термос шығарды

СҚО зауыты 150 вагон-термос шығарды

«2019 жылдың соңында «Cool Infinity» біздің өңірде термос-вагондарды  шығаруды бастады. Бүгін біз кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарларын талқыладық», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

2020 жылы 62, өткен жылы 140 вагон құрастырылды.  Биылғы жылдың соңына дейін 150 вагон шығарылады. Тек «Маслодел» компаниясына кәсіпорын 120 вагонға тапсырысты орындады. Сондай-ақ Әзірбайжанға 50 рефрижераторлы вагон шығаруға контракт алды.

Қазір зауытта 128 адам жұмыс істейді, олар жұмысшылар санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отыр. 2021 жылы кәсіпорын 130 миллион теңге салық төлесе, биыл бұл сома 150 миллион теңге болады деп күтілуде.

Жалпы инвестиция көлемі биылғы жылдың соңына дейін 4,4 млрд теңгені құрайды. Өнеркәсіпті дамыту қоры 9 млрд теңге несиені мақұлдады, бұл қаржыға станоктар мен жабдықтар сатып алынады.  Ғимараттың жалпы ауданы 25 мың шаршы метр. Шатыр толығымен ауыстырылды, ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, толық өндірістік циклі бар станоктар орнатылады.

Сонымен қатар, «Cool Infinity»  сыйымдылығы жоғары жаңа термос-вагонды әзірлеуде. Тестілеу және сертификаттау биылғы жылдың соңына жоспарланған.