Тимирязев ауданының мерейтойына орай жұмыстар жүргізілмек

Тимирязев ауданының мерейтойына орай жұмыстар жүргізілмек

«Келесі жылы Тимирязев ауданы 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Аудан жұртшылығымен осы датаға дейін не істеу керектігін талқыладық», - деп жазды өңір басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аудан орталығындағы жолдарды жөндеу жалғасады.  Жаңа қазандықтың құрылысы басталады, ол 12 нысанды жылумен қамтамасыз етеді, қосымша 40-ын қосуға болады.Сонымен қатар аудандық аурухананы жөндеу қажет. Сулы ауылының су мәселесін шешеміз. Жаңа спорт кешені мен хоккей кортының жанынан футбол алаңы бар стадион салынбақ.

Жалпы Тимирязевте 5 жылда жолдар мен су желілерін жөндеуге, жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 443 млн.тг бөлінген. Аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, кәсіпкер Серік Жүкеев мәдениет мекемесіне автокөлік сыйлады. Ауданда жөндеу науқаны жалғасады.