СҚО-да жартылай фабрикаттар цехы іске қосылды

СҚО-да жартылай фабрикаттар цехы іске қосылды

«Біздің мақсатымыз - жаңа жұмыс орындарын көптеп ашу. Ол үшін мемлекет кәсіпкерлерге жаңа инвестжобаларды жүзеге асыруға көмектесуде. Сәйкесінше өндіріс көлемі де, салық түсімдері де өсіп келеді», - деп жазды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жақсыі мысал ретінде Максим Калининді келтіруге болады, оның «Максимальный размах» компаниясы ет және көкөніс жартылай фабрикаттарын шығаратын жаңа цехты іске қосты. Мұнда өнімнің 93 түрі шығарылады. Өндіріс үшін жергілікті шикізат пайдаланылады. Еуропалық жабдықты сатып алуға 1,3 млрд теңге жұмсалды. Мемлекет инфрақұрылымды тартуға көмектесті.

Кәсіпорында 138 адам жұмыс істейді. Жаңа цехтың арқасында штат 250 адамға дейін кеңейеді. Сәйкесінше, өнім көлемі айына 240-тан 700 тоннаға дейін ұлғаяды. Компания көбірек салық төлейтін болады. Өткен жылы бюджетке 26 миллион теңге түссе, алдағы уақытта 100 миллион теңгеге дейін өседі.

Жалпы, облыста 5 жылда азық-түлік өнімдерінің көлемі 1,7 есеге өсіп, 168 миллиард теңгеге жетті. Биыл бұл көлем өсе түспек.