
Саумалкөл ауылында жаңа спорт кешенi ашылды. Жоба «Самұрық-Қазына» қорының көмегiмен жүзеге асты.
Жаңа нысанда ересектер мен балалар спортпен бiрнеше спорт түрлерiмен айналыса алады. Спорткешенде бокс, күрес және үстел теннисiне арналған алаңдар бар. Баскетбол, волейбол және шағын футбол ойнауға болады. Арнайы секциялар мен үйiрмелер ашылады. Сондай-ақ, жаңа арена аудандық және облыстық жарыстар өтетiн орынға айналады.
«Жалпы, Президенттiң тапсырмасы бойынша облыста спорт инфрақұрылымы дамып келедi. Бүгiнгi таңда 6 спорт кешенi ашылып, тағы 4-iнiң құрылысы жүрiп жатыр, оның бiрi Саумалкөлде. Облыста алты хоккей корты ашылды, тағы екi кешен салып жатырмыз», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.