СҚО бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталады

СҚО бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бағытталады

Биыл СҚО бюджеті 262 млрд.теңгені құрады, оның 55 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталады. Бұл жайында халық алдында есеп берген облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Облыста мұғалімдердің тапшылығы мәселесі шешілді. Екі жылда 1272 маман келді. Оның 315-і жас маман.

Биыл 60 мектеп жөнделеді, 3 мектептің құрылысы жалғасуда. Мектептерге жаңа автобустар алынады.

Соңғы 3 жылда денсаулық сақтау саласына қаржы көлемі 60 пайызға ұлғайып, 42 млрд.тг жетті. Қондырғылар алуға 2,8 млрд.тг жұмсалды.