Мемлекет пен шаруалар әлеуетi жоғары ауылдарды бiрлесiп дамытады

Мемлекет пен шаруалар әлеуетi жоғары ауылдарды бiрлесiп дамытады

Бұл жайында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов агроблоктың кеңейтiлген алқа отырысында мәлiмдедi. Облыста перспективасы жоғары ауылдарды дамытуға басымдық берiлмек. Мысалы, биыл Ковыльное селосында мектеп жөнделiп, су тартылады, жол жөнделедi.

«Әлеуетi жоғары ауылдарды қамтуды көздеп отырмыз. Тиiсiнше, кәсiпкерлерден реакция күтемiз. Бiз ауылдағы тұрғындардың өмiр сүру сапасын бiрлесiп жақсартуымыз қажет», — дедi Құмар Ақсақалов.