Солтүстiкте мал өсiрушiлердiң республикалық слетi өттi

Солтүстiкте мал өсiрушiлердiң республикалық слетi өттi

«Бүгiн облысымызда алғаш рет мал өсiрушiлердiң республикалық слетi өттi. Елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен диқандар, мамандар мен ғалымдар келдi. Слетқа қатысушылар солтүстiкте мал шаруашылығы қалай дамып жатқанын және өңiрдегi жаңа агрокәсiпорындарда қандай заманауи технологиялардың енгiзiлiп жатқанын көрдi», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Солтүстiкқазақстандық шаруалардың ауыз толтырып айтатын дүниелерi бар. Өңiрде ауыл шаруашылығы саласында жобалар жүзеге асуда. Облыста 22 тауарлы-сүт фермасы салынды, тағы 17-нiң құрылысы жүрiп жатыр. Жыл соңына дейiн 8 сүт кешенiн iске қосамыз. 3 құс фабрикасын салып жатырмыз. Мал бордақылау алаңдары енгiзiлдi, қой фермалары ашылуда.

«Бұл жобаларды барлық аймақтарда жүзеге асыруға болады. Бiзде тәжiрибе жинақталды, жобаларды қолдау механизмi қалыптасты. Бұл слет ауыл шаруашылығы саласындағы тәжiрибе мен бiлiм алмасудың пайдалы алаңына айналды», — дедi өңiр басшысы.