Вице-премьер Ералы Тоғжанов СҚО-да жаңа балабақшада болды

Вице-премьер Ералы Тоғжанов СҚО-да жаңа балабақшада болды

«Бүгiн облысымызға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен келдi. Сапар барысында Вице-премьер  Полтавка ауылында  «Полтавское» серiктестiгi өз қаражатына салған жаңа балабақшада болды. Құрылысқа ЖШС 340 миллион теңге бөлдi. Балабақша 40 орынға есептелген. 11 жаңа жұмыс орны ашылды. Шаруашылық басшысы Елтай Зiкiрин ауылдастарына осындай жағдай жасап отыр. Бұл әлеуметтiк жауапты бизнестiң жақсы үлгiсi», — деп жазды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.