Әкiмдiк отырысы

Әкiмдiк отырысы

Аймақ басшысының төрағалығымен облыстық әкiмдiктiң отырысы өттi. Бiрiншi сұрақ — эпидемиологиялық жағдай. Қазiргi уақытта ковидке байланысты облыс жасыл аймақта. Дегенмен, аурумен күреске көбiрек көңiл бөлу керек. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов екпе науқанын күшейтудi тапсырды. Бұл аурулардың маусымдық өсуi байқалатын уақытта халықты қорғауға мүмкiндiк бередi.

Екiншi мәселе — жаңа оқу жылына дайындық. Солтүстiкқазақстандық бiлiм ошақтары есiгiн айқара ашуға дайын. Сондай-ақ 1 қыркүйек қарсаңында ата-аналар үшiн қызу тақырып мектеп формасын сатып алу. Құмар Ақсақалов әлеуметтiк осал отбасыларға қажеттi киiм-кешек алуға көмектесудi тапсырды.