
«Бүгiн «Атамекен» төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысуымен облыстың бизнес-қауымдастығымен дәстүрлi кездесу өттi. Жиын барысында мемлекеттiк органдар мен кәсiпкерлер түйткiлдi мәселелердi талқылады», — деп жазды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.
Биыл облыста бизнес жобаларды жүзеге асыруға 8,6 млрд теңге бөлiндi, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Облыста «Солтүстiк» ӘКК арқылы кәсiпкерлердi жеңiлдетiлген несиелендiрудiң пилоттық жобасы енгiзiлдi. Жеңiлдетiлген несиелер құрылысқа және құрал-жабдықтар сатып алуға берiледi. Бұл бағдарлама бойынша облыста 11 сүт фермасы салынып, 5 жаңа кәсiпорын iске ашылуда.
Жалпы, 42 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды, оның аясында 5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады.