СҚО ауылдағы зейнеткердiң үйiне қонаққа барды

СҚО ауылдағы зейнеткердiң үйiне қонаққа барды

«Қызылжар ауданына барғанда Вагулино ауылының тұрғыны Валентина Яковлева қонаққа шақырды. Үйге су тартылды, кiр жуғыш машина мен душ орнатылған, краннан су ағып тұр. Биыл ауылдың тағы 6 тұрғынына «СК-Вагулинское» ЖШС-i үйге су тартуға қаржылай көмек көрсеттi. Бұл жұмыстардың барлығы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Оның орындалуы қазiр ерекше бақылауда», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Өңiр басшысы Вагулино және Налобино ауылдарында шаруалардың меморандумда көрсетiлген мiндеттемелерiнiң орындалуын тексердi. «СК-Вагулинское» Вагулино ауылында саябақ жасады. Налобино ауылында да шаруалар меморандумдағы мiндеттемелердi орындауда. «Орловский и К» серiктестiгi ауыл клубының ғимаратына күрделi жөндеу жүргiзуде. Серiктестiк 5 жаңа жұмыс орнын ашты. 6 үйге су тартылды. 30 бала тегiн ыстық тамақпен қамтылған. «Алекри агро» өрт сөндiру бекетiне арналған ғимаратты жөндеп жатыр. Сонымен қатар, Лесной ауылдық округiндегi «Астық сату компаниясы» ЖШС-нiң 1 мың басқа арналған мал кешенiнiң құрылысын бақылады.

«Жалпы, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi меморандумның барлық тармақтарын орындау үшiн жазғы уақытты барынша тиiмдi қолдану қажет. Аудандарды аралау кезiнде шаруалардың ауылдықтар алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын жеке бақылайтын боламын», — дедi облыс әкiмi.