
Өңiр басшысы Петропавл қаласы әкiмiнiң есептiк кездесуiне қатысты. Құмар Ақсақалов қала бюджетiнiң жыл санап өсiп келе жатқанын атап өттi. Биыл Петропавл бюджетi 44 млрд. тг. құрады. Алайда, қала тек 10 млрд.тг ғана өзi табады екен. Облыс әкiмi қала басшылығына салық түсiмiн өсiрудi тапсырды.
Оған қоса, өңiр басшысы облыс орталығында абаттандыру жұмыстарының жалғасатынын атап өттi. Аулалар жөнделiп, балалар алаңқайы орнатылады. Биыл қала көшелерiне жаңа автобустар шығады. Копай ауданында жаңа нысандар салу қолға алынады. Шеткi аудандарда мини-стадиондар салынады.

