Құмар Ақсақалов М.Қозыбаев атындағы СҚУ түлектерiне дипломдар табыс еттi

Құмар Ақсақалов М.Қозыбаев атындағы СҚУ түлектерiне дипломдар табыс еттi

М.Қозыбаев атындағы СҚУ түлектерi жоғары бiлiм туралы дипломдарын алды. Биыл университет қабырғасын 1804 бакалавр, 194 магистр бiтiрдi.

Бүгiн университет тарихында Аризона университетiмен бiрiгiп қос дипломдық бағдарламаның бiрiншi курсына құжаттарды қабылдаудың басталуы ретiнде есте қалады. Қазақстанның түкпiр-түкпiрiнен келген талапкерлер жергiлiктi университетте оқуға қызығушылық танытуда.

«Студенттерге жақсы жағдай жасап жатырмыз. Биылғы жылы оқу-зертхана корпусы ашылады, онда эксперименттер мен ғылыми зерттеулерге арналған заманауи зертханалар орналасады. 1400 орындық үш жатақхана салып жатырмыз. Жыл сайын гранттар саны өсiп келедi. Петропавлдың жастар қаласына айналуы үшiн барлығын жасап жатырмыз», — дедi облыс әкiмi.