СҚО әкiмi Якор ауылындағы су тарату желiлерiнiң құрылысын тексердi

СҚО әкiмi Якор ауылындағы су тарату желiлерiнiң құрылысын тексердi

Якор ауылын сумен қамту бойынша жөндеу жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Жобалық-сметалық құжаттама 2020 жылы әзiрленген. Мұнда 13,8 шақырым жаңа су құбыры тартылады. Қазiргi уақытта жұмыстың басым бөлiгi аяқталды. Жөндеу жұмыстарын мерзiмiнен бұрын, қыркүйекке дейiн аяқталмақ. Қазiрдiң өзiнде 100-ге жуық ауыл тұрғыны үйлерiн су құбырына қосуға өтiнiш бiлдiрген. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтiк желiде жазды.

«Облыста 635 ауылдың 406-сы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етiлген. Биыл бұл салаға 12,3 млрд теңге бөлiндi. 135 шақырым желiнi салып, қайта жөндеймiз», — деп бөлiстi Құмар Ақсақалов.

Қазiр бұл жұмыстармен 55 ауыл қамтылған. Оның 15-iнде жыл соңына дейiн су жүйесi жақсартылады. Бұл Мамлют ауданына қарасты Покровка және Белое ауылдары, Қызылжар ауданының Якорь және Бескөл, Мүсiрепов ауданының Тоқсан би ауылы, Тайынша ауданының Кирово, Жұмабаев ауданының Образец және Сұлушоқ, Тимирязев ауданының Ленинское, Мичурино, Белоградовка және Москворецкое, Шал ақын ауданының Кривощеково және Новопокровка ауылдары.

Сондай-ақ, суды құдықтан алған немесе ертерек әкелген 10 ауылда су құбыры пайда болады. Есiл ауданында – Талапкер, Поляковка, Ильинка, Мәдениет ауылдары, Қызылжар ауданында — Дубровное, Жамбыл ауданында — Казанка, Тайынша ауданында Горкое, Макашевка, Летовочное және Рощинское ауылдарына су жеткiзiледi.