2020 жылғы 11 ақпан сағат 10.00-ден Н. Погодин атындағы театрда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен аумақтық мемлекеттік органдар басшылары азаматтарды жеке қабылдау өткізетін болады.
Осы жылдың 12 ақпаны Оқушылар сарайында (Ж. Жабаев көшесі, 55 А) облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуі өтеді. Басталуы сағат 15-00-де.
Облыс әкімі сөз сөйлеуінің тікелей көрсетілімі «МТРК» телеарнасында және Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсында www.sko.gov.kz жүргізілетін болады.
Тілек білдірушілердің бәрі облыс әкіміне 8(7152) 35-02-04 телефоны, www.sko.gov.kz ресми сайты немесе Facebook және Instagram әлеуметтік желілердегі Qumar Aqsaqalov аккаунты арқылы сұрақ қоя алады.
Сауалдарды, ескертулерді және ұсыныстарды жинау үшін барлық аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінде, сондай-ақ облыстық әкімдікте арнайы жәшіктер орналастырылды.
12 ақпан сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін Call center 8(7152) 35-00-07 жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, облыс әкімінің есеп беру кездесуін өткізгеннен кейін Оқушылар сарайында азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.